Матаны қорғау және жұмсарту
Жиі жуған сайын мақта, табиғи және синтетикалық маталар бастапқы жұмсақтығы мен төзімділігін жоғалтып, өңі кетуі мүмкін. Vernel әрбір талшықты орап алып қорғайды, жұмсартады және оларды едәуір иілгіш етеді. Материал мен түстер сақталады. Vernel кондиционерімен шайылған киімдер ұзағырақ қызмет етеді және түстер ұзағырақ қанық болады. Терімен жанасатын жұмсақ киімнен ерекше жылы сезім туралы айтпасақ та болады.
Электростатикалық зарядтан қорғайды
Синтетикалық материалдар кептіргіште электростатикамен зарядталады. Зарядталған мата магнит тәрізді шаңды тартады. Vernel кондиционері кептіргіш машинада кептіру кезінде электростатикалық зарядталудан қорғайды, ал бұл өз кезегінде ток тиюді азайтады. Синтетикалық материалдар таза күйінде ұзағырақ сақталады.
Үтіктеу оңай
Үтіктеу әлдеқайда оңай болады, себебі қылшақтарды киім кондиционері алдын ала жұмсартады. Қыртыстар азырақ болады. Көптеген материалдарды тіпті үтіктеудің қажеті жоқ.
Жылдам кептіру
Сондай-ақ киіміңіз тезірек кебеді: соңғы рет шаю кезінде Vernel-ді пайдалансаңыз, кірді сыққан кезде киім көп суды сіңірмейді. Мата анағұрлым аз ылғалданып, тезірек кебеді.