Vernel Logo

ЖУЫЛҒАН ЗАТТАР ЖҰМСАҚ ЖӘНЕ ХОШ ИІСТІ БОЛУ ҮШІН КОНДИЦИОНЕРДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Кәсіби жуылған заттардың тегістігі, жұмсақтығы және балғындығы сезімімен, сондай-ақ күтілген түрімен ештеңе салыстыруға келмейді ме? Егер отельде болу немесе өте шаруашыл құрбыңызға бару сізде кір жуу сапасына қызғаныш сезімін тудырса, мүмкін, сізге және сіздің заттарыңызға кондиционер көмектесе алатынын білуге уақыт келген шығар. Біздің қадамдық нұсқаулықты орындай отырып, мінсіз нәтижелерге жету үшін кір жууға арналған кондиционерді қалай пайдаланатынын біліңіз.

1. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРІҢІЗДІ ТАБЫҢЫЗ

Женщина радуется свежим простыням, сохнущим на ветру

Сіздің талаптарыңызға сәйкес келетін кір жуу кондиционерін табу - бұл істің жартысы. Сіздің талаптарыңызға қарай, іздеу оңай немесе өте күрделі болу мүмкін. Сізге таңдауға көмектесетін үш негізгі критерий бар. Кейбіреулер үшін алғашқысы және ең маңыздысы - бұл иіс. Егер сіз хош иісті сезіп бірден оған ғашық болсаңыз, бұл бүкіл өмірге. Vernel ассортиментінде хош иістердің бар алуандығы ұсынылған: балғын, гүлді және сезімдіктерден ароматерапияға тән қарқындыларға, және таңдаулы француз хош иістеріне дейін. Мүмкін, дәл сол жалғыз хош иісті табу үшін, сізге бар болғаны хош иісті бір-ақ рет қана иіскеу керек шығар. Ескеруі керек екінші маңызды фактор - тері сезімталдығына қатысты әлеуетті мәселелер. Егер сіз балалар киімін немесе терісі сезімтал адамдар пайдаланатын кез келген басқа затты жусаңыз, Vernel "Балалар" кондиционерін таңдаңыз, ол дерматология тұрғысынан тесттен өткен және құрамында бояғыштар жоқ. Сіздің шешіміңізге әсер ете алатын үшінші фактор - бұл өнімнің консистенциясы. Барлық Vernel өнімдері сұйық қойылтылған нысанда шығарылады.

2. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Егер сіз оны бұрын ешқашан пайдаланбасаңыз, мүмкін, өзіңізге сұрық қою керек шығар: кір жууға арналған кондиционер не істейді екен? Әлбетте, жауабы сіз оны қалай пайдаланатынына әсер етеді. Біз осы өнімнің қалай әрекет ететіні туралы толық айтқанбыз; егер қысқаша айтып өтсек, тегістегіш бөлшектер тоқыма талшықтарды жұмсақ әрі тегіс етіп оларға жұмсартатын әсер көрсетеді. Және осының барлығы кір жуу циклінің соңғы сатысында болады.

3. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ҚАЛАЙ МӨЛШЕРЛЕЙДІ

Мерные колпачки и стаканчики для кондиционера рядом со стопкой полотенец

Әдетте кір жууға арналған кондиционерлер мөлшерлегіш ретінде пайдалануға болатын қақпағы бар бөтелкелерде сатылады. Пайдаланылатын мөлшері кір жуғыш машинаның жүктелгеніне және хош иістің қалаулы жұмсақтығына және қарқындылығына байланысты.

4. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ҚАЙДА ҚОСАДЫ

Қажетті мөлшерін өлшеп алу үшін кір жууға арналған кондиционерді бөтелке қалпақшасына құйыңыз, және оны кір жуғыш машинаның науасына қосыңыз. Алдынан жүктелетін машиналарда гүл түріндегі символмен белгіленген кондиционерге арналған арнайы бөлімшесі бар. Бұл бөлімше әдетте науаның алдын ала және негізгі жуу секциялары арасында немесе олардың оң жағында болады. Үстінен жүктелетін кір жуғыш машиналарда әдетте орталық бағанасында кішкене оймасы бар. Бөтелкенің қақпағы көмегімен кір жууға арналған кондиционердің қажетті мөлшерін өлшеп алыңыз және оны сол оймаға құйыңыз. Мөлшерлеу бойынша ұсынымдар Vernel әр бөтелкесінің артқы жағында болады. Кір жууға арналған кондиционерді бірінші рет қолданар алдында кір жуғыш машинаңызға берілген нұсқаулықпен танысыңыз, егер сіздің жуғыш машинаңыздың моделі осында сипатталған стандарттан ерекше болса.

МІНЕ БІТТІ!

Көріп отырғаныңыздай, кір жууға арналған кондиционерді пайдалану оңай және қарапайым. Кір жууға арналған кондиционерді бірінші рет пайдаланар алдында, кір жуғыш машинаға берілген нұсқаулықпен танысыңыз және сіз таңдаған Vernel бөтелкесіндегі нұсқаулықтарды оқып шығыңыз. Және көп ұзамай сіз жаңа жуылған заттарыңыздың сапасына таңдана беретін боласыз.