Vernel Logo

ЗАМАНАУИ ЖҰМБАҚТАР: КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ СИМВОЛЫ

Латын тілі сізге керек болмайды. Сіз кір жуғыш машинадағы символдарды түсінесіз бе? Кір жууға арналған кондиционерді қайда қосатынын білесіз бе? Егер сіз ""жоқ"" деп жауап берсеңіз, сіз осы уақыт бойы кірді дұрыс жұмағансыз деген ықтималдық бар. Мұнда сіз жалғыз емессіз. Әр минут сайын кірдің кезекті партиясы кір жууға арналған құралдарды дұрыс пайдаланылмағаннан жарамыз болады.

Қорықпаңыз, біз осындамыз, сізге барлық құпияларды ашамыз және сізді дұрыс кір жуу жолына қайтарамыз. Бұда сізге кір жууға арналған кондиционерге арналған бөлімшені білдіретін символ бойынша толық нұсқаулығымыз көмектеседі: ол қайда болғанын, не істейтінін және неге маңызды болғанын түсіндіреді. Дайынсыз ба?

БІР, ЕКІ, ГҮЛ: БӘРІ ДҰРЫС

Отсек для кондиционера для белья в контейнере для моющих средств

Кір жуғыш машиналардың конструкциясында айырмашылықтар болуы мүмкін болса да, олардың көпшілігінде әрқайсысына стандартталған символдар салынған үш негізгі бөлімшесі бар жуғыш құралдарды мөлшерлеуге арналған арнайы науа бар.

  • І - алдын ала жуу, осы сатыда крахмалдауға арналған кез келген арнайы құралдар немесе кір жууға арналған құралдар талап етіледі. Егер сіз осы кір жуу режимін пайдалансаңыз, кір жууға арналған ұнтақтың немесе гельдің қосымша мөлшері талап етілу мүмкін.
  • ІІ - негізгі жуу, осы сатыда кір жуғыш ұнтақ керек болады. Кез келген бағдарламада, алдын ала жуу немесе екінші цикл көзделмесе, осы контейнердің ішіндегісі ғана пайдаланылатын болады.
  • Алты күлтесі бар гүл - бұл кір жууға арналған кондиционерге арналған контейнер, дәл осы жерде сиқыр орын алады. 

Әрине, кондиционерге арналған контейнердің орналасуына сіздің кір жуғыш машинаңыздың түрі әсер етеді. Жалпы ереже: 

  • үстінен жүктелетін машиналарда кондиционерге арналған мөлшерлегіш әдетте араластырғыштың ортасында орналасады (барабанның ортасындағы бағана). Дегенмен ескі модельдерде мөлшерлегіш жоқ болу мүмкін, сондықтан сізге, мүмкін, кір жууға арналған кондиционерді тікелей барабанға құюға тура келеді (бұны соңғы шаю циклі уақытында жасаңыз). 
  • Алдынан жүктелетін машиналарда әдетте кір жуғыш машинаның үстіңгі жағында суырмалы контейнер бар. Бұл контейнер әдетте үш секцияға қосымша бөлінген: алдын ала жууға арналған құралдар, негізгі жуу және кір жууға арналған кондиционер үшін бөлек. Кондиционерге арналған контейнерді табу үшін алты күлтесі бар гүл түріндегі символды іздеңіз.

БҰЛ ШЫН МӘНІНДЕ МАҢЫЗДЫ МА?

Плетеная корзина для белья с мягкими белыми полотенцами внутри

Ал егер жалпы ойлансақ, киім, су және кір жууға арналған құралдар бәрі бір араласатын сияқты, сондықтан оларды не үшін бөлу керек? Бұл шын мәнінде қажет пе? Жауабы ьір мағыналы - иә. Кері жағдайда сіздің кір жуу бойынша барлық күш-жігеріңіз жоққа шығарылады, ал киіміңіз бұзылатын болады. Себебі пайдаланудың түрлі мақсаттарында және уақытында тұрады.

Алдын ала және негізгі жууға арналған құралдар киімді ластанудан тазарту үшін арналған. Бұл, әдеттегідей, кір жууға арналған ұнтақтың немесе гельдің кір жуғыш машинаның барабанына сумен бірге түсетінін білдіреді.  Суда ерігеннен кейін ұнтақтың немесе гельдің белсенді ингредиенттері сіздің киіміңізден және тоқымадан ластанулар мен дақтарды жою үшін жұмыс істейтін болады. Кір жуу циклі аяқталысымен шаю барысында ұнтақтың немесе гельдің қалдықтары жойылатын болады. Дәл осы соңғы шаю циклі уақытында кір жууға арналған кондиционер қосылған болу мүмкін, ол статикалық жэлектрді бейтараптандыруға, матаны жұмсартуға және киімге тамаша хош иісті беруге көмектеседі.

Егер сіз құралдарды кездейсоқ шатастырып, оларды керек контейнерлерге емес, мысалы, кір жууға арналған кондиционерді – негізгі жууға арналған контейнерге, ал кір жуғыш ұнтақты – кондиционерге арналған контейнерге қоссаңыз, процесс мүлдем өзгеше болар еді. Біріншіден, кір жууға арналған кондиционер кір жуу кезеңінде барабанға түсер еді. Бірақ бұл құрал ластануды жоюға арналмағандықтан, дақтарды кетурдің орнына, ол оларды бүркеп алатын еді. Ал сосын сіздің лас (бірақ тамаша иіс шығаратын) киіміңіз белсенді заттары мата талшықтарына терең еніп кеткен кір жуғыш ұнтақпен жуылып болар еді. Және ақырында заттар кептірілген болар еді, бірақ кір жуғыш ұнтақтан олар дөрекі, қатты, ыңғайсыз, тіпті тікенді де болар еді.

Басқаша айтқанда, күмәнданбаңыз, жүн заттарыңыз күтпеген жерден қадалмауы үшін, крі жуғыш машинаңыздағы символдардың не білдіретінін еске түсіріңіз.