Vernel Logo

КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮШ ЕҢ ТАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ

Кір жууға арналған кондиционерге байланысты кір жуғыш машинада болатын ең таралған мәселелерді қарастырайық - құйылмайтын кондиционерден бастап жуғыш құралға арналған контейнердің бітелуіне немесе оны суға толып кетуіне дейін, және осы мәселелерді бірнеше қарапайым қадам ішінде тез шешу туралы сөйлесейік.

№ 1 МӘСЕЛЕ: КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕР ҚҰЙЫЛМАЙДЫ

Кондиционер для белья наливают в контейнер для средств для стирки

Кір жуу жана ғана аяқталды, және мұнда сіз кір жууға арналған кондиционердің контейнерде қалып кеткенін байқадыңыз ба? Кондиционерге арналған контейнерді босату мәселесі әдетте оңай шешіледі. Себепті аныұтау және жою үшін мына қарапайым әрекеттерді орындаңыз.

  1. Кондиционерге арналған контейнер бітелді ме?
    Кір жуғыш машинаны пайдалану бойынша нұқсаулықты табыңыз да кондиционердің контейнерін қалай шығаратынын анықтаңыз. Оны мұқият жуыңыз және жылы сумен шайыңыз, кондиционер контейнерден ағатын түтікшені тазалау үшін кішкентай ысқышты пайдаланыңыз. Мәселенің себебі не болғанына қарамастан, кір жуғыш машинаның тазалығын және қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін рәсімді мезгіл-мезгіл қайталап отыру ұсынылады.
  2. Кондиционерге арналған контейнерде суға арналған бүріккіштер бітелмеді ме?
    Содан кейін кондиционер контейнеріне суды бүркетін кішкентай бүріккіштердің (тікелей оның үстінде орналасқан) бұғаталмағанын тексеріңіз. Егер сіз суы кермек ауданда тұрсаңыз, мүмкін, оларды суқақтан тазартуға арналған құралмен өңдеуге, сондайн кейін қалдықтарын губка немесе шөткенің көмегімен сүртіп алуға тура келеді.
  3. Сіз таңдаған кір жуу циклі кір жууға арналған кондиционерді пайдалануды білдіре ме?
    Мүмкін, сіздің осы құрал пайдаланылмайтын кір жуу циклін таңдағаныңыздан кір жууға арналған кондиционер контейнерде қалып кетті. Нұсқаулықты тексеріңіз және қажет болған жағдайда кір жууды басқа теңшелімдермен қайталаңыз.
  4. Машинаны тазарту үшін ыстық сумен бірге қарқынды жууды пайдаланыңыз.
    Кір жууға арналған кондиционердің контейнерінің бітелуін болдырмау үшін мезгіл-мезгіл ең жоғары температурада кір жуу режимін таңдаңыз және жуғыш құралдар мен кондиционерге арналған контейнерлерді тиісті түрде тазарту үшін оларға дистилляцияланған сірке суын қосыңыз.

№ 2 МӘСЕЛЕ: КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕР БІРДЕН АҒЫП КЕТЕДІ

Стиральная машина с открытой дверцей

Егер кір жууға арналған кондиционер кір жуғыш машинаны қосқаннан кейін бірден ағып кетсе, құрал бос жұмсалып отыр. Кір жууға арналған кондиционерден бәрі-бір белгілі бір пайда болады, бірақ ол уақытынан бұрын қосылған себебінен, оның көп бөлігі жуылып кететін болады. Оны байқасаңыз және онымен бірдеңе істеуді тырыса алсаңыз жақсы. Келесіні жасап көрейік:

  1. Мөлшерлегіште кір жууға арналған кондиционер тым көп емес пе?
    Егер сіз тым көп құралды құйсаңыз, кір жууға арналған кондиционер бірден ағып кетеді. Мөлшерлегішті ең жоғары деңгейден (әдетте сызықпен және МАХ әріптерімен белгіленеді) төмен толтырғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер мәселе қалса, мүмкін, сифон бергіші дұрыс деңгейде тұрған жоқ, сондықтан тағы кішкене құралды сызықтан айтарлықтай төмен құйып көріңіз.
  2. Сіз кондиционерге арналған контейнерді тым жылдам және күрт жабасыз ба?
    Сол себепті кір жууға арналған кондиционер бірден ағып кетеді. Мөлшерлегіштен асып кеткен кір жууға арналған кондиционерден сифон істеп кету мүмкін, және контейнер бірден босатылады.

№ 3 МӘСЕЛЕ: КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ БӨЛІМШЕСІ СУҒА ТОЛҒАН

Егер кір жууға арналған кондиционердің бөлімшесі кір жуудан кейін суға толған болса, жоғары сипатталғанға ұқсас мәселе себеп болу мүмкін. Әйткенмен себебі мүлдем басқа болуы мүмкін. Жағдай келесі болуы мүмкін:

  1. Кір жууға арналған кондиционердің контейнері бітелмеген бе?
    Кір жууға арналған кондиционердің контейнерден ағып кететіні, ал судың ағып кетпейтіні алмағайып болып көріну мүмкін, бірақ жоғарыда сипатталғандай контейнерді тазалау жөн, өйткені бұл мәселені жоюдың ең оңай жолы.
  2. Сіздің кір жуғыш машинаңыз деңгей бойынша орнатылған ба?
    Егер сіздің кір жуғыш машинаңыз тегіс тұрмаса, бұл ағысқа байланысты мәселелер тудыру мүмкін, нәтижесінде кір жууға арналған кондиционердің контейнері суға толған болады. Машинаңыздың алдыңғы, артқы, сол және оң жақтары бір деңгейде орнатылғанын анықтау үшін деңгей өлшегішті пайдаланыңыз (немесе су деңгейін анықтауға арналған қолданбаны жүктеп алыңыз). Егер сіз бір жақтың тегіс емес тұрғанын көрсеңіз, бұл жағдайды түзетіңіз. Кір жуғыш машинаны дұрыс орнатпау көптеген басқа мәселелерді тудырып қымбат тұратын жөндеуді талап ететін мәселелерді тарту мүмкін. Жөндеудің қажет болғанын кұтпеңіз, шын мәнінде аяқтарды жоғары немесе төмен қарай бұрап оларды реттеп алу өте оңай. Бұның қалай жасалатынын білу үшін кір жуғыш машинаға берілген нұсқаулықты оқып біліңіз.

КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛДІ!

Енді, сіз кір жуғыш машинаға байланысты барлық мәселелерді шешкеннен кейін, балғын, таза әрі жұмсақ заттарыңыздан рахат алыңыз!