Vernel Logo

КІР ЖУУ КЕЗІНДЕ АУЛАҚ БОЛУ КЕРЕК ТАРАЛҒАН БЕС ҚАТЕ

Сіз кірді қалай жуатынын білгеніңізге сенімдісіз, бірақ бұл процесті жетілдіру мүмкін емес екенін білдірмейді. Міне сізге кір жуудың ең жоғары сапасына жетуге кедергі жасай алатын бес таралған қате:

№ 1 ҚАТЕ: ШАМАНЫ САҚТАМАУ

Пена вылезает из стиральной машины

Дау жоқ, кір жууға және күтуге арналған құралдар - кір заттарға әдімілікті, жұмсақтықты және тамаша сыртқы көрінісін қайтарудың ең жақсы тәсілі. Дегенмен егер оларды теріс пайдаланса, нәтижесі оң емес, қайта теріс болуы мүмкін. Егер тым көп кір жуғыш ұнтақты пайдаланса, шайылған кезде ол соңына дейін жуылмайды, және мата қатты және сипалап қарағанда жағымсыз болып қалады. Ал кондиционердің артық мөлшері матаның талшықтарына сіңуі мүмкін, және заттың сіңіргіштігі төмендейді, бұл түкті сүлгілер мен халаттар үшін айрықша өзекті. Бұдан басқа, кондиционерді шамадан тыс пайдалану жуылған заттардың тіпті киілген уақытта да қатты иіс шығаратынына әкелу мүмкін. Бақытымызға орай, оңай шешімі бар: өзіңіз үшін шектеулер белгілеңіз. Егер күмән болсаңыз, өнімді пайдалану бойынша нұсқаулықтарды орындаңыз - Vernel темірдей қатты қағидасы айтып тұр: 4 кг жүктеуге кір жууға арналған кондиционердің шамамен жарты қалпақшасын пайдалану керек.

№ 2 ҚАТЕ: КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ЖӘНЕ КІР ЖУҒЫШ ҰНТАҚТЫ - БІРДЕЙ ДЕП ЕСЕПТЕУ

Кір жууға арналған кондиционер кір жуғыш ұнтақпен бірдей ме? Әрине, жоқ! Олар мүлдем әртүрлі. Оларды жиі шатастырса да және өзара алмасатын етіп есептесе де, бұл өнімдер мүлдем әртүрлі міндеттерді атқарады. Мәселен, кір жуғыш ұнтақтың белсенді ингредиенттері дақтар мен терең сіңіп кеткен ласты кетіру үшін матаның талшықтары арасына еніп киімді ластанулардан тазартады. Ал кір жууға арналған кондиционерлер ұнтақтың қалдықтары жойылған кезде, ең соңғы шаю циклі уақытында әрекет ете бастайды, олар статикалық электрді бейтараптандырады және матаны жұмсартады, сондай-ақ оны тозудан қорғайды, талшықтарды тегістеу есебінен мата түсін көзкөрім қабылдануын сақтайды және серкіткіш хош иісті береді. Кір жууға арналған кондиционердің көмегімен дақтарды кетіру мүмкін емес, сол сияқты кір жуғыш ұнтақтың көмегімен матаны жұмсарту мүмкін емес.

№ 3 ҚАТЕ: КИІМДЕГІ ЗАТТАҢБАЛАРДЫ ЕЛЕМЕУ

Крупный план инструкции по стирке одежды

Кез келген киім затының ішкі жағына көз салыңыз, және сіз міндетті түрде кір жуу бойынша нұсқаулықтары бар кішкене заттаңбаны табасыз. Осы кішкентай энциклопедиялар сізге гардеробтың нақты затына қалай күтім көрсететінін - судың дұрыс температурасынан бастап кептірудің дұрыс әдісіне дейін түсіндіреді. Бірақ оларды жиі толығымен елемейді, нәтижесінде сүйікті джинстер немесе бұрын ақ түсті болған жейде зардап шегеді. Егер сіз заттарыңыздың оңуын немесе басқа көңілсіз жағдайларға кіруін қаламасаңыз, бір минут уақыт табыңыз да күту бойынша нұсқаулықтарды оқып біліңіз.

№ 4 ҚАТЕ: ДҰРЫС СҰРЫПТАМАУ

Сіз міндетті түрде білесіз, жуар алдында заттарды түстері бойынша бөлу керек. Бірақ оларды сонымен қатар матаның түріне қарай бөлу керектігін білесіз бе? Бұл шындық. Мақта, түкті маталар және жүн сияқты маталар ескіру процесіне ұшырап қылшықтарын жиі жоғалтады. Ал зығыр, синтетикалық талшықтар, трикотаж және вельвет, керісінше, қылшықтарды өзіне жинайды. Міне елестетіп көріңіз, егер қылшықтарды түсіретін және өзіне жинайтын маталарды бірге жуса не болады екен. Нәтижесі сізді қуантпайды. Егер сіз бұны қаламасаңыз, мұндай заттарды бөлек жуыңыз және кір жуған кезде кішкене кір жууға арналған кондиционерді қосыңыз - бұл талшықтарды жұмсартуға көмектеседі, және қылшықтар жеңіл жуылатын болады.

№ 5 ҚАТЕ: ҚАРА ТҮСТІ КИІМГЕ ҰҚЫПСЫЗ ҚАРАУ

Корзина с вещами темных цветов

Мүмкін, олар берік болып көрінетін шығар, бірақ қара түсті маталар дөрекі жууды оңай шыдайды деп ойлап, қате жібермеңіз. Олар шын мәнінде ең талап ететіндердің бірі. Тым жоғары температура немесе қарқынды жуу мата талшықтарының бетін бұзуы мүмкін, сол себептен олар оңады және күтім көрмеген сияқты болады. Осымен не істеуге болады? Қара түсті киімді жуған кезде оны теріс жағына аударыңыз, біркелкі жылы суда нәзік жуу циклін таңдаңыз және кір жууға арналған кондиционерді қосуды ұмытпаңыз. Бұл талшықтарды жұмсартады, оларды тозудан қорғайды және түсті сақтауға көмектеседі. Және соңында, кептіргішті пайдаланбаңыз, оның орнына қара түсті киімді тікелей күн сәулелерінен алыс кептіру үшін жіпке іліңіз.