Vernel Logo

СЕЗІМТАЛ ТЕРІ ҮШІН ҚАНДАЙ КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕР ЖАРАЙДЫ?

Сезімтал тері - өз киімін әдемі, жұмсақ және тазалық хош иісін шығарып отыратын қылу мүмкіндігін жіберіп алмауға себеп емес. Әйткенмен, терісі сезімтал және аллергияға бейім кез келген адамның кір жууға арналған кондиционерді пайдаланудан бас тартуы үшін тітіркену туралы бір ғана ой жеткілікті болу мүмкін. Сіздер үшін бізде жақсы жаңалықтар бар: оның қажеті жоқ. Кір жууға арналған қолайлы кондиционерді таңдау үшін мыналарды білу жеткілікті:

ЖАЛПЫ ТЕРІДЕ НЕГЕ ТІТІРКЕНУ ПАЙДА БОЛАДЫ?

Лежащая на кровати женщина касается своего локтя

Сіз бір кездері ойландыңыз ба, Сіз жүн джемперлердің түрінен-ақ қышына бастасаңыз, қалған барлықтары оларды киіп өзін неге тамаша сезеді? Тері сезімталдығы мәселесі шын мәнінде өте күрделі. Егер қысқаша айтатын болсақ, көптеген тітіркенулер екі негізгі себеп бойынша пайда болады: генетикалық бейімділік және сыртқы факторлар.

Кейбір адамдар көбінесе ісінулер мен тітіркенуге шалдыққан жүйке және қан жүйелері мен липид қабатымен туады. Дегенмен адамдар көпшілігінде терінің сезімталдығы климат, су қышқылдығы деңгейі, бет фактурасы және жемір химикаттар сияқты сыртқы факторлардң әсерінен туындаған. Ауа райын басқару сіздің күшіңізге келмесе де, кейбір басқа факторларды сезімтал теріге арналған қолайлы кондиционердің көмегімен жою әбден мүмкін болады.

КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕР ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ

Женщина в мягкой белой майке

Кір жууға арналған кондиционер киім сипалап қарағанда жағымды болуы, тамаша көрінуі және жағымды иіс шығаруы үшін арналған. Сонымен қатар, дұрыс таңдалған өнімнің де көтеріңкі сезімталдықтан, аллергиядан және тері тітіркенудің жалпы мәселелерден зардап шегетіндердің барлығы үшін кейбір нақты артықшылықтары бар.

1. Судың рН және бұдыр беттер
Кермек судың құрамында кальций, магний және темір қосылыстарынан тұратын минералдар бар, олар теріні ғана емес, матаны да құрғату мүмкін. Нәтижесінде киім қатты, дөрекі және ыңғайсыз болуы мүмкін. Бұл өзінен өзі қышу мен ығайсыздықтың жиі себебі болып табылатын, табиғаты бойынша тікенекті жүн сияқты маталар үшін ерекше өзекті.

Егер оларды жуған кезде кір жууға арналған кондиционерді қосса, бұл әсерді бейтараптандыруға болады, себебі кондицияланатын бөлшектер талшықтарда тұнады және оларды жұмсақ әрі жылтыр етеді. Сипалап қарағанда жағымды маталар терінің тітіркенуін азайтады, бұл жақсы естіледі.

2. Химиялық ингредиенттер
Кейбір ингредиенттер және иістер сезімтал және аллергияға бейім теріге зиян келтіру мүмкін. Егер сіздің теріңізде үнемі бөртпе шығып жүрсе, ең жақсысы арнайы әзірленген кондиционерлерге сеніп арту керек. Заттар тамаша көрініп балғын иіс шығару үшін оларда аллергендерсіз арнайы хош иістендіргіш пайдаланылады. Кір жууға арналған кондиционерді таңдау кезінде, сезімтал теріңіз болса, екі нәрсе есіңізде болсын.

  • Бояғыштардың - белгілі түсті немесе реңкті беретін химиялық заттардың жоқтығы. Әдеттегідей, кір жууға арналған өнімдерде олар біркелкі жұмсақ, бірақ сезімтал терінің қаьынуын және тітіркенуін тудыру мүмкін, сондықтан ең жақсысы бояғыштары жоқ кондиционерлерді іздеу керек.
  • Дерматологиялық тестілеу - сіздің теріңіздің қауіпсіз екеніне көз жеткізгіңіз келе ме? Мұқият дерматологиялық тестілеуден өткен өнімдер - сіз үшін ең жақсы таңдау.

Vernel "Балалар" және Vernel "Сенситив" талаптардың екеуіне де сәйкес келеді. Арнайы әзірленген формуланың құрамында бояғыштар жоқ, оның жұмсақ иісі бар және дерматологиялық тесттен өткен.

АЛ БАЛАҚАЙЛАР ҚАЛАЙ ЕКЕН?

Младенец на кровати, завернутый в белое полотенце с капюшоном

Балаларыңызды қоршаған химиялық өнімге байыппен қарайтын ата-ана болып, сіз, мүмкін, балалар киіміне жұмсақтықты қалай барынша қауіпсіз беруге болады деген сұрақ қоятын шығарсыз.

Сәбилердің, сондай-ақ жасы үлкендеу балалардың киімін жуған кезде талғамалы болыңыз. Балалар киімін жууға аранлған құралды және Vernel ""Балалар"" сияқты кір жууға арналған арнайы кондиционерінің кішкене мөлшерін пайдаланыңыз. Кір жуу қарқындылығын азайту үшін нәзік циклін пайдаланыңыз, мүмкіндігінше кептіру машинасында кептіруден бас тартыңыз.

Бонус:

  • Егер кептіргішті пайдалансаңыз, бір шыныаяқ ас сірке суын және бір шай қасық эвкалипт эфир майын араластырыңыз және матаның талшықтарын жұмсрату үшін және оған жағымды хош иіс беру үшін киімге ерітіндіні шашыңыз.  
  • Мүмкіндігінше синтетикалық маталардан аулақ болыңыз. Егер таңдау болмаса, статикалық электрдің есебінен жабысудан және талшықтардың үрпиюінен аулақ болу үшін, оларды табиғи маталардан жасалған заттардан бөлек жуыңыз.

Сонымен сіз не күтіп тұрсыз? Сізге және сіздің отбасыңызға нәзіктік, жайлылық және таңғаларлық хош иіс әлеміне батудың кезі келді!